Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ұрлық жасаған азаматтар камераға түсіп қалды

Алматыда ұрлық жасаған азаматтар камераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірінші жағдайда жанармай құю бекеттерінің бірінің әкімшісі арызбен жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз біреу өзін клиент ретінде көрсетіп, жасырын түрде сауда-материалдық құндылықтарын ұрлаған.

Екінші арыз – қоғамдық көліктегі ұялы телефон ұрлығы туралы. 121-бағыттағы қоғамдық көлікте белгісіз біреу жолаушының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен. Екі қылмыс та бейнебақылауға түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Текелі қаласының тұрғыны 21 жастағы А. есімді азамат және Алматы қаласының тұрғыны 27 жастағы  А. есімді азамат ұсталды.

– Екі күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталғандар өз қылмыстарын мойындады, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру