Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ұрылар бутиктерді тонау кезінде ұсталды

Алматыда ұрылар бутиктерді тонау қылмысы үстінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер құлыпты бұзу арқылы киімдер сатылатын дүкендерге кіріп, құнды деп санағанның бәрін ұрлаған. Белгілі болғандай, екі ер адам да бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.

 

“Олар тек жеке ұйымдардың тұрғын емес үй-жайларына кірген: спорт киімдері бутиктеріне, әйелдер аксессуарларына, сұлулық салондарына, шаштараздар мен басқа нысандарға кірді. Бұл адамдар кеңсе компьютерлерінен іш киімге дейін ұрлаған, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абзал Тұрғаналы.

Құлыптарды ашу үшін арам пиғылдылар өздерімен бірге арматура қайшыларын алып жүрді. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы өздерінің қылмыстық ісімен айналыса алмады: олар залалсыздандырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаскөйлер қылмыс үстінде ұсталды. Қазіргі уақытта айыпталушылардың екеуі де Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі ( ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің есебінде қалада осыған ұқсас 15 қылмыс бар.

Ұсталғандардың жеке басы басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру