Алматыда ұсақ бұзақылық жасаған жасөспірімдер анықталды
Алматыда ұсақ бұзақылық жасаған жасөспірімдер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен аптада ғана қалада 38 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олардың көпшілігі ата-анасының бақылауынсыз түнде көшеде жүрген. Олар КТБО-ға орналастырылды.
411 ата-ана кәмелетке толмаған балалар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесімен айналыспайтын, оларға кері әсерін тигізетін 35 ата-ана анықталып, ІІО-ға есепке алынды. Ұсақ бұзақылық жасаған 9 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Ата-аналар өздерінің тарапынан бақылаудың болмауы жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа немесе оларға қарсы заңсыз әрекеттерге баруы мүмкін екенін білуі және түсінуі маңызды, сонымен қатар олардың тәрбиесіне жауапкершіліктері бар екенін ұмытпауы керек, – деді полицейлер.