Алматыда үздік полиция қызметкерлері көтермеленді
Марапаттау рәсімі Алматы Полиция департаментінде қала Әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қатысуымен өтті. Іс-шараға қызмет басшылары, ардагерлер және ПД жеке құрамы қатысты.
– Біздің азаматтардың қауіпсіздігін, тәртіпті, өмірі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін бүгін Алматы полициясының алты мыңнан астам қызметкері қызмет етеді. Бұл ізгі, мәнді, кейде қауіпті жұмыс ерік-жігер мен табандылықты, әр адамның қадір-қасиетін құрметтеуді, парыз бен антты бұлжытпай орындауды, Қазақстан халқына адал қызмет етуді қажет етеді. Алматы полициясы құқық қорғау органдарының ерлігіне үлгі бола алады. Сондықтан алматылықтар өздерін қауіпсіз сезінеді. Пандемияның ең қиын жағдайында да, бүкіл әлемде қылмыстың көбеюі уәде етілгенде, алматылық заңның қызметшілері тәртіпті қамтамасыз еткендері соншалық, тіпті, қылмыс екі есеге дейін азайды. Мұндай көрсеткіштермен әлемнің кез-келген қаласы және кез-келген құқық қорғау жүйесі мақтана алады. Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды тәуекелге қоя отырып, тәулік бойы шаһардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктеріңіз үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Сіздерге жаңа маңызды жетістіктер, қызметтеріңізде сәттілік, отбасыңыз бен достарыңыз әрдайым қолдау көрсетсін деп тілеймін, – деді Ержан Бабақұмаров.
Алматы қалалық полиция Департаменті төрт ішкі істер министрін, 17 министрдің орынбасарларын, 27 облыстық және қалалық аумақтық полиция бөлімшелерінің басшыларын тәрбиеледі. Президент Жарлығымен 36 алматылық полицейге полиция генерал-майоры атағы берілді.
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Полиция жақын маңда» қағидасын жүзеге асыруды атап өтті, осыған байланысты, Алматы қаласы ПД қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті қорғауда жаңа формаларды қолдануда. Алматы қалалық Полиция департаменті – қала Әкімдігінің қолдауымен елдегі ең үздік материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілген ішкі істер Министрлігінің ірі құрылымдық бөлімшесі. Бүгінде Алматы полициясына жаңа ведомстволық емхана мен спорт кешені салынуда. Сонымен қатар осы жылы жас полиция қызметкерлеріне «Алматы жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасына қатысуға мүмкіндік берілді. Қазірдің өзінде 14 әріптесіміз армандаған пәтерлерін алды, – деді Алматы қалалық ПД-нің бастығы Қанат Таймерденов.
Спикердің айтуынша, Алматы қаласының қызметтері мен полиция бөлімшелерінің 166 қызметкері өздерінің кәсіби мерекелерінде Ішкі істер Министрінің, қала Әкімінің құқықтары және Департаменттің бұйрығымен көтермеленген.
– Бұл күні мен ардагерлерімізге де зор алғысымды білдіргім келеді. Бүгінде олар жас қызметкерлердің білімі мен дамуына үлкен үлес қосуда, олар бай тәжірибесі мен қызметтің үздік дәстүрлерін таратуда және қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуде. Бұл біз үшін шексіз құнды. Жеке құрамға, ардагерлерімізге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін, – деді Қанат Таймерденов.