Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда вейп сататын орындар жойылды

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында қаланың Әуезов және Алмалы аудандарының полицейлері электронды темекі сататын жерасты орындарды анықтады.

– Олардың бірі Жетісу ықшамауданындағы үйлердің бірінің ғимаратында орналасқан. 27 жастағы азаматтың электронды темекіні заңсыз сатуды ұйымдастырғаны белгілі болды. Тағы бір жағдайда, 31 жастағы жергілікті тұрғын Әуезов көшесінде орналасқан кеңседе “кәсіп” жасап, вейп сатқан. Сонымен қатар Алматы полициясының қызметкерлері барлық жерде электронды темекіні сатуға тыйым салынған деректерді анықтау үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қадағалайтынын еске саламын. Тек шілде айының өзінде “Киберпол” қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында бес адамды ұстады және әртүрлі өндірушілердің 10 мыңнан астам бір реттік темекілерін тәркіледі, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.

2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді.

ҚР ҚК-нің 301-1-бабы (Шылым шегуге болмайтын темекі өнімдерінің, электронды тұтыну жүйелерінің (вейп), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы) қосылды. Өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген сәттен бастап вейптерді сатудың 8 дерегі тіркелді.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 301-1-бабының 1-бөлігімен қылмыстық істер қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру