Алматыда велосипед ұрысы ұсталды
Алматыда велосипед ұрысы ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үй кешендерінен велосипед ұрлады деген күдікпен 21 жастағы шетел азаматын ұстады.
Күдікті велосипедтерді көбінесе қорғаныс құралдарынсыз қалдырылған кіреберістер мен аула аумақтарынан ұрлаған. Қазіргі уақытта оның он қылмыстық эпизодқа қатысы бар екендігі белгілі болды.
— Мемлекет Басшысы атап өткен “Заң мен тәртіп” қағидаты – біздің жұмысымыздағы басты ұстаным. Азаматтардың мүлкіне қол сұғушылықтың кез келген түрі қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң алдында жауап береді. Біз велосипед пен басқа да мүлік иелерін сақтық шараларын қабылдап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз, – деді, Алмалы аудандық ПБ бастығының орынбасары Ержан Оразаев.