Алматыда заң талаптарына бағынбаған мопед жүргізушісі жауапқа тартылды
Алматыда заң талаптарына бағынбаған мопед жүргізушісі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мопед жүргізушілеріне қатысты бақылау күшейтілді. Рейд барысында патрульдік полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қашуға тырысқан жүргізуші ұсталып, сот шешімімен жауапқа тартылды.
Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, 5 сәуірден бері 1,5 мыңнан астам мопед жүргізушісі түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауапқа тартылып, 500-ден астам көлік айыппұл тұрағына қойылған.
Полиция мопедті тіркеусіз, жүргізуші куәлігінсіз және қорғаныс құралдарынсыз жүргізу заңмен жазаланатынын ескертеді. Басты мақсат – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтық санасын арттыру.