Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам пиротехника тәркіленді

Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам пиротехника тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында жарақат алу деректерінің алдын алу мақсатында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату бойынша 52 деректі анықтады. Тексеру нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы шамамен 510 келіні құрайтын 167 қорап пиротехникалық өнім тәркіленді. Аталған фактілер бойынша 52 әкімшілік іс қозғалды.

Алматы қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

— Өткізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты — жарақат алу мен өрт шығу қаупінің алдын алу, сондай-ақ жаппай және мерекелік іс-шаралар кезеңінде азаматтардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полиция пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдай береді, — деді Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру