Алматыда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдік жауапқа тартылды
Алматыда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер оны кезекті рейд барысында ұстады. Сонымен қатар көші-қон қызметінің мәліметінше, бір күн бұрын қаладағы мейрамханалардың бірінде шетелдік екі азамат анықталды. Бірі бармен, екіншісі аспаз болып жұмыс істеген.
– ПД-ның қабылдап-таратуына үш шетелдік орналастырылды. Жақын арада олар Қазақстаннан шығарылады. Сондай-ақ заңсыз келушілердің жұмыс берушілеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылады. Естеріңізге сала кетейік, осы күндері Алматыда заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде, – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.
Спикер, жыл басынан бері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 15 мыңға жуық шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.