Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Алматы қаласында көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған республикалық "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шара Ішкі істер министрлігі жариялаған Профилактика жылы аясында және Мемлекет басшысы айқындаған "Заң мен тәртіп" қағидатының аясында жүзеге асырылуда.

Тексеру барысында шетел азаматтарының елде болу заңдылығы, еңбек рұқсаттарының бар-жоғы, сондай-ақ жұмыс берушілердің көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

- Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыс тек құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, көші-қон процесіне қатысушылар арасында құқықтық сананы қалыптастыруға да бағытталған. Біз шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау қажеттілігін түсіндіреміз, ал жұмыс берушілерге – заңсыз еңбекті пайдаланғаны үшін олардың жауапкершілігін ескертеміз. Елге келген әрбір адам мынаны түсінуі тиіс: елде болу мен еңбек қызметінің заңдылығы – қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің негізі. Алматы – заң үстемдігі сақталатын қала болып қалуы тиіс, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Полицияның мәліметінше, іс-шараның алғашқы күндерінде Алматыда ондаған заңсыз еңбек ету дерегі анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру