Алматыда заңсыз жұмыс істеген мыңнан астам шетелдік анықталды
Алматыда заңсыз жұмыс істеген мыңнан астам шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шаһардың көші-қон қызметі “Нелегал-2021” іс-шарасының аралық нәтижелерін қорыта отырып, осындай мәліметтерді келтіреді.
Еске салайық, іс-шара 5 шілдеде басталды. Осы айдың 12-де аяқталады.
– Мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қатысты басқа да заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу екенін атап өтейік. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ЖАІ-ның жеті күнінде барлығы 1 569 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 1 033-і шетелдік азаматтар. Сонымен қатар шетелдіктердің ҚР-да болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін 473 қабылдаушы жауапкершілікке тартылды. ҚР-на шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 63 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ өткен аптада заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырудың екі фактісі анықталып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.