Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген

Алматыда 76 жастағы зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының Алатау ауданындағы “Әйгерім” ықшам ауданындағы үйлердің бірінің 76 жастағы тұрғыны немересімен бірге “канопля” және “марихуана” есірткілерін заңсыз өсірген.

– Г.есімді әйелдің тұрғылықты жерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес 117 бұта табылды және тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі – кептірілмеген марихуана, жалпы салмағы 6 келі 680 грамм. Қазіргі уақытта Алатау ауданының ПД-де ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру