Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыскерлер қызметтік итті ұрлап кетті

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыскерлер қызметтік итті ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық ұланның сарбазы Рүстембек Байхарашев бірнеше күннен бері өзін қоярға жер таппай жүр. 5 қаңтарда тәртіпсіздіктерді басу кезінде сарбаз жараланып, адал досы – “Найтс” атты қызметтік итті жоғалтып алды.

– Шабуыл жасаушылар басымнан ұрды, сол кезде сәл әлсірегенімді пайдаланып, бауы қолымда тұрған қызметтік итімді алып кетті. Есімді жиған кезде қылмыскерді суреттеп беруге күш таптым. Оны бүгін қамауға алды. Полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын, – деді Рүстембек.

Иесі мен иттің көптен күткен кездесуі полиция бөлімшесінің қабырғасында өтті. Найтс жедел уәкілдердің кабинетінде тыныш отырып, серіктесін күтті.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында шаһарға жақын жерде жаппай тәртіпсіздіктің белсенді қатысушы – 33 жастағы А.есімді азамат ұсталды. Төрт аяқты жауынгер бауға ілініп, аумақты күзетіп тұрған. Қазір ұсталған азаматтың жеке басы қайғылы оқиғалар кезінде орын алған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Кинолог-сарбаз Найтспен жұптасып, қызметте жүргеніне бір жылдай болғанын айтты. Оның айтуынша, ит өте ақылды, мейірімді және тәртіпті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру