Алматыда жас полицейлер ант қабылдады
Алматыда жас полицейлер ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұ іс-шара Республикасы күні қарсаңында ұйымдастырылды. Салтанатты шара полиция департаменті басшылығының, ардагерлердің, Алматы қалалық ПД жеке құрамының және «Жас Сақшы» полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
– Республика күні – орасан зор күш-жігердің арқасында Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізген адамдардың ұрпаққа көрсеткен құрметі. Әрбір полиция қызметкері қылмыс пен құқық бұзушылықпен күрестегі заңдылықты қатаң сақтау керек. Бұл біздің кәсіби парызымыз және оны сапалы деңгейде орындау баршамыз үшін абыройлы борыш. Мемлекеттілік бізге болашаққа батылдықпен қарауға және болашағымызды айқын көруге мүмкіндік берді. Біз қазір департаментке жүктелген міндеттерді шеше отырып, бұл үлкен сыйды қаладағы құқықтық тәртіпті және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін толық пайдалануымыз керек, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
50 жас қызметкер ант қабылдап, алғашқы офицерлік шендерін алды.
– «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген Бауыржан Момышұлының тамаша сөзі бар. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алғы шепте қылмыспен жанқиярлықпен күресу міндеті – құрметті әріптестер, сіздерге жүктеледі. Әрқайсыңыз жүрегіңіздің үнімен, жаныңыздың қалауымен қазақ полициясының қатарын толықтырдыңыздар. Антыңызға, халқыңызға адал болыңыздар! Құрметті әріптестер, сіздерді өмірлеріңіздегі айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын, – деді Арыстанғани Заппаров.