Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдады

Алматыда жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әсерлі шара Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылды.

– Конституция – әрбір мемлекеттің басты заңы. Оның нормалары бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық, ал оның басты құндылығы – адам және өмір, адамның құқықтары мен бостандықтары. Алматы полиция қызметкерлеріне қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен тыныштығы сеніп тапсырылған. 7 мыңға жуық әріптесіміз күндіз-түні еңбек етіп, қылмыспен күресуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға өз үлестерін қосуда. Полиция қызметкерлері – мемлекет тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Жас тергеушілер, патрульдік полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер, учаскелік инспекторлардың ант қабылдау рәсімі дәстүрлі түрде салтанатты жағдайда өтті.

– Біздің қоғам олардың қауіпсіздігін және заң үстемдігін жоғары кәсіби деңгейде құрметтеуге және қамтамасыз етуге лайық. Билікке деген сенім мемлекеттік қызметшіден басталады, ол шыншыл, зейінді, халықтың талабына икемді болуы тиіс. Азаматтардың мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғау конституциялық нормалардың бірі екенін есте ұстаған жөн. Сіздерді, құрметті әріптестер, ел қорғаушылар қатарына қосылып, ант қабылдауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге шын жүректен табыс тілеймін. Жауапкершіліктеріңіз бен кәсіби парыздарыңызға адал болыңыздар, – деді Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар бүгінде қала әкімдігінің қолдауымен Алматы полициясының автопаркі жаңа автокөліктермен толықты. 105 қызметтік автокөлік учаскелік инспекторлар мен полицияның патрульдік қызметкерлеріне берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру