Алматыда “Жас сарбаз” полиция жасақшылары жаңа оқу жылына дайын
Алматыда “Жас сарбаз” полиция жасақшылары жаңа оқу жылына дайындалып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Жас сарбаз” жас полиция жасақшылары жаңа оқу жылына дайындық үстінде. Мақсат – оқушылар, әсіресе мектепке алғаш келетін бірінші сынып оқушылары арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жандандыру. Балалардың құқықтық санасын арттыру, жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, жолда өзін-өзі сақтау сезімін ояту қажет.
– Осы күндері Алматыда “Назар аударыңыз! Балалар!” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, оның мақсаты – балалардың жарақаттануының алдын алу, жол-көлік оқиғаларының өсуін азайту. Біз жас жол инспекторларына үлкен және маңызды миссияны тапсырамыз, олар барлық жерде балаларға түсінікті түрде жол қозғалысы ережелерін түсіндіреді. Сонымен қатар балаларға суреттелген буклеттер мен жадынамалар таратылады. Балалар – біздің болашағымыз, сондықтан олардың өмірі мен денсаулығына ештеңенің қауіп төндірмеуі өте маңызды, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Алматы қаласы Алатау ауданындағы 152-ші орта мектептің “Жас сарбаз” командасымен полицейлер кезекті нұсқаулық өткізді. Қатысушылардың көп жылдық тәжірибесі берілген тапсырмаларды кәсіби деңгейде орындауға мүмкіндік береді.
– Әдетте, Білім күні қарсаңында біз мұғалімдермен кездесулер өткіземіз, оның барысында білім беру үдерісінде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі. Біз жол қозғалысы ережелерін оқыту бойынша практикалық сабақтарға сыныптардың дайындығын тексеруді, барлық қажетті үгіт-насихаттық және оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуды және жаңа оқу жылына жол қозғалысы ережелері бойынша сабақ жоспарын құруды сұраймыз. Мұндай тығыз және жақсы үйлестірілген өзара іс-қимыл, біздің ойымызша, балалардың жол-көлік жарақаттары мен жазатайым оқиғаларын азайтуға және қаладағы көлік қозғалысын тұрақтандыруға өте тиімді әсер етеді, – деді Құлбаев.