Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жасөспірімдердің құқықтары мен қауіпсіздігіне арналған іс-шара басталды

Алматыда "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында қалалық ювеналдық полицияның ұйымдастыруымен "Жасөспірім" жалпықалалық жедел-профилактикалық іс-шара басталды.

Іс-шараның алғашқы күні қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 91 кәмелетке толмаған жеткізілді. Оның ішінде 7 бала қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар 9 жасөспірім мен 7 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке алынды. Бұдан бөлек, есепте тұрған 63 жасөспірімнің және 83 қолайсыз отбасының тұрғылықты мекенжайлары тексерілді.

Жалпы 107 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 74-і - кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы, 6 дерек - жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруі фактілері. Заң талаптарын бұзған 4 ойын-сауық мекемесі анықталып, барлығы 78 нысан тексерілді.

Алдын алу жұмыстары аясында 128 тақырыптық дәріс өткізілді, сондай-ақ 40 азаматқа құқықтық көмек пен кеңес берілді.

— "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы ең алдымен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Басты міндет — қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау, жасөспірімдер мен отбасыларға қолдау көрсету және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады, — деді Алматы қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру