Алматыда «Жаяу жүргінші» іс-шарасы басталды
Алматыда «Жаяу жүргінші» іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда полиция қызметкерлері «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» іс-шарасына байланысты қызметтің күшейтілген режимінде қызмет етуде. Жаяу жүргіншілердің жолдарды кесіп өту ережелерін бұзу деректерін анықтауға арналған кезекті ауқымды іс-шараның мақсаты, жол қозғалысына қатысушыларды тәртіпке келтіру, қала жолдарында жаяу жүргіншілердің бейберекет қозғалысын тоқтату және жол ережесін бұзған қатысушылармен күресу.
https://youtu.be/9ICMPhYJPPM?si=VTqLmn4qbO2yXNGl
– Жаяу жүргіншілердің іс-әрекеті әлі де алаңдатарлық. Әдетте, жаяу жүргіншілердің жекелеген санаттарының жеке тәртіпсіздігі жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қолайсыз жағдайлар мен қауіп төндіреді. Іс-шараның тек бір күнінің ішінде 783 құқық бұзушылық анықталды, оның 340-ын жаяу жүргіншілер жасаған, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Сонымен қатар полицияда, Алматыда осы санаттағы жол қозғалысына қатысушылар үшін қажетті қауіпсіз жағдайлар жасалғанын атап өтті.
– Біз жаяу жүргіншілердің, соның ішінде балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының себептері мен жағдайларына статистикалық деректерді талдауды, сауалнамаларды, бақылауларды, зерттеулерді, жаяу жүргіншілер ағыны ең тығыз орналасқан аумақтардағы апат ошақтарын пайдалана отырып зерттеу жүргіздік. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің қажетті санын салу, қозғалысты реттеудің техникалық құралдарын ұлғайту, кезектесіп өтуді басқару режимі бар жаяу жүргіншілерді шақыру құрылғылары бар бағдаршам нысандарын, соқыр жаяу жүргіншілерге арналған дыбыс сигналдары бар таймерлерді орнатуға қатысты ұсыныстар әзірленетін болады, – деді Серік Шумаев.