Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды
Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеше сағат 10:54-те Алматы қаласының Алмалы ауданында Төле би даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста 18 жастағы қыз баланы қағып кеткен. Ол жолдан өтуге арналған белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Автобус жүргізушісі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Әсіресе жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушінің жолда телефонға алаңдауы – мүлде жол беруге болмайтын әрекет. Әр жүргізуші жолда барынша мұқият болуы тиіс, өйткені оның назарында – адамдардың өмірі. Алматы қаласы полициясы қоғамдық көлік және жеке автокөлік жүргізушілерін тағы да жолда сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірмеуге шақырады, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
