Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда желілік полиция мамандары есірткі жарнамасын өшіру жұмыстарын жүргізді

Алматыда желілік полиция мамандары есірткі жарнамасын өшіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің мамандары Алматы жол дистанциясының қызметкерлерімен бірлесіп, теміржол бойындағы қоршауларға жазылған есірткіні жарнамалайтын сайттардың мекенжайы бар жазуларды өшіру жұмыстарын жүргізді.

– Есірткі сайттарын жарнамалайтын жазуларды теміржолға жақын мектептердің қоршауларына, вокзалдардың шаруашылық қызметі орналасқан ғимараттардың қабырғаларына жазу жиі кездеседі. Бұл мектеп оқушылары үшін өте қауіпті әрекеттердің бірі екенін ескерген Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы зиянды жазуларды өшіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының талаптарын орындау мақсатында мұндай рейдтер жиі ұйымдастырылады, – дейді ЖПБ бастығы Ш.Қансейітов.

Сонымен қатар басқарма мамандары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабына сәйкес есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын да ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру