Алматыда жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды
Алматы қаласының орталығында сауналар мен спа-салондарда жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Медеу ауданының полиция қызметкерлері мониторингтік топтардың құрамында сегіз саунаны, спа-салондарды және боди-массаж қызметін ұсыну нысандарын тексерді. СЭС саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында бірқатар бұзушылықтарды анықтады.
– Рейдтер түнгі уақытта жүргізілді. Бұл мекемелерде жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің де жұмыс істейтіні, олардың кейбірінің құжаттары мүлдем болмағаны анықталды. Бір сөзбен айтқанда, притондар «дене массажы», «СПА-салон» және «сауна» белгілерімен жұмыс істеді. СЭС өкілдері мекеме иелері мен әкімшілеріне қарсы ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес шаралар қабылдады. Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 492-бабы мен ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналды, – деді Медеу аудандық полиция Басқармасы бастығының бірінші орынбасары Елнұр Кұдретбаев.
Сонымен қатар, спикер жұмысшыларды, сондай-ақ сауналар мен салондарға келушілерді іс-шара нәтижесіндегі құқық бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау және олардың жеке тұлғаларын басқа заңсыздықтарға қатысы бар-жоғын тексеру мақсатында полицияға әкелгенін атап өтті.