Алматыда жертөледен дөңгелек ұрлап жүрген күдікті ұсталды
Алматыда жертөледен дөңгелек ұрлап жүрген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әуезов ауданының полицейлері жертөледен дөңгелектерді ұрлады деген күдікпен Р. есімді азаматты ұстады.
– Қаскөй келесідей әрекет етті: ол мекенжайда камералардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, бірнеше күн бойы кіреберісті бақылап, ішке кіріп, жертөле құлпын бұзып, дөңгелектерді ұрлап кеткен. Ол дөңгелектерді өзінің Volkswagen көлігіне салған. Барлық үш ұрлық бейнебақылау камераларына түсіп қалған, айтпақшы, күдікті камералардан жасырынбақ болған. Қазіргі уақытта тергеу Р.есімді азаматтың осыған ұқсас 3 эпизодқа қатысы барын анықтады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.