Алматыда жол ережесін өрескел бұзған автобус жүргізушісі жауапқа тартылды
Алматыда жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен қоғамдық көлік жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлады Polisia.kz.
Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде 59 жастағы К.есімді азамат өрескел бұзушылыққа жол берді. Ол “Автотрансгаз” ЖШС-ге тиесілі 47-бағыттағы қоғамдық көлікті басқарған.
– Оның іс-әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша сараланған. Жүргізуші жауапқа тартылды. Сондай-ақ мерзімі өтіп кеткен құжаты бар жүргізушіні желіге шығарған кәсіпорынның механигіне де әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар шаһар жолдарында қоғамдық көлік жүргізуге дағдысы да, рұқсаты/санаты да жоқ қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды. Мәселе “Думан Транс” ЖШС қызметкері туралы болып отыр. Ол 11-ші бағыттағы қоғамдық көлікті басқарған. ҚР ӘҚБтК-нің 619-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды, – деді Алатау аудандық ПБ-ның мемлекеттік автоинспекторы Руслан Оразымбетов.
Спикердің айтуынша, екі көлік құралы да айыппұл тұрағына орналастырылған.