Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды

Алматыда "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мониторинг барысында жанармай құю бекеттерінің бірінің аумағында қауіпті маневр жасау дерегі тіркелді. Спорттық көлік басқаларға қауіп төндіретін және апаттық жағдайды тудыратын дрифт элементтерін жасады.

Полиция қызметкерлері 23 жастағы жүргізушіні анықтады және ұстады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 5 тәулікке қамауға алынды.

- Мұндай бұзушылықтардың әрқайсысы - айналадағыларға қауіп төндіреді. Жол экстремалды жүргізу дағдыларын көрсететін орын емес. "Қауіпсіз жол" ЖПІШ аясында біз мұндай жағдайларды назардан тыс қалдырмаймыз, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген ережелерді сақтауға шақырады. Заң және тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің негізі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру