Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды
Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселе, Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында дрифт жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген Lexus көлігінің 31 жастағы жүргізушісі туралы болып отыр. Ол Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен ұсталды және жауапқа тартылды.
Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар ПД соңғы кезде, әсіресе, жас жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері жиілеп кеткенін атап өтті.
Өкінішке қарай, адам көп жүретін көшелер мен халық көп шоғырланған жерлерде қауіпті маневрлер мен дрифттар жиі тіркелуде. Мұндай әрекеттер тек заңсыз болып қана қоймай, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.
— Алматы полицейлері барша жүргізушілерге, әсіресе жастарға үндейді: өмірмен әзілдемеңіздер – өзіңіздікімен де, басқалардікімен де. Жауапкершілікпен жүргізу – бұл заңды талап қана емес, бұл - қоғамдық қауіпсіздік мәселе. Әрбір жолға шығу – жауапкершілікті арттыратын аймақ. Жақындарыңызды, жаяу жүргіншілерді, басқа да жүргізушілер туралы ойлаңыз. Біз ескертеміз: мұндай деректің барлығына Заң шеңберінде қатаң түрде шара қолданамыз. Алматы полициясы жол қозғалысы ережелерiнiң сақталуын бақылауды күшейтiп, жол бойындағы бұзакылықтың кез келген көріністеріне қатаң жауап беретін болады. Өзіңізге және айналаңыздағыларға қамқор болыңыз. Заң мен Тәртіп - қауіпсіз өмірдің негізі, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.