Алматыда жол-көлік оқиғаларын тіркейтін экипаждар саны көбейтілді
Алматы полициясында жол-көлік оқиғаларын уақтылы тіркеуді қамтамасыз ету үшін тергеу-жедел топтардың саны көбейтілді, олардың құрамына патрульдік полиция полкі кезекші бөлімінің қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларын тергеу бөлімінің анықтаушылары да кіреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Күн сайын жолдарда 800 мыңнан астам көлік құралдары, оның ішінде басқа қаланың да көліктері жүретін Алматыдағы автотұрақтың тығыздығын ескере отырып, жол-көлік оқиғаларын тіркеу бойынша экипаждар санын көбейту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні күндізгі ауысымда 20, ал түнде 12 тергеу-жедел тобы кезекшілік етеді. Осылайша, ЖТТ азаматтардың жол-көлік оқиғаларын тіркеуге алу кезегін қысқартуға мүмкіндік туды. Алдын ала жүргізілген сараптама қай аудандар да апаттар көп болатынын көрсетті. Біз бұл аймақтарға ең көп жасақ шоғырландырдық, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел басқару орталығының бастығы Андрей Квашнин.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны полицияның жұмысын оң атап өткен бейне пайда болған еді.
– Бүгін бізде Алматы қаласында Розыбакиев-Есқараев көшелерінде жолда апатқа ұшырадық. Біз жол полициясын шақырдық. Олар бүгін, 15 минуттың ішінде, уақытында келді. Біздің полиция қызметкерлері өте жақсы жұмыс істейді. Оларға халық үшін жұмыс жасағаны, бізге көмектескені үшін рахмет, – деп түйіндеді бейне жазбаның авторы.