Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған жүргізушілер анықталды

Алматыда жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған жүргізушілер анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында түнгі уақытта бірнеше автокөлік жүргізушілері жасаған жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері полиция тарапынан анықталды және тоқтатылды. Қауіпті маневрлер мен жолдағы тәртіпті әдейі елемеу сәттері түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды.

Тексеру нәтижесінде, жүргізушілердің әрекеттері жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіргені белгілі болды. Анықталған құқық бұзушылықтар қатарында – бұрылыс белгісін жақпай жолақ ауыстыру, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, өзге жүргізушілерге құрметсіздік танытып, қарапайым әдеп нормаларын елемеу және қауіпсіздік шараларын қасақана бұзу бар. Барлық қатысы бар жүргізушілер мен жолаушылар анықталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Бұзушыларға қатысты құқықтық іс-шаралар жүргізіліп, әрқайсысына іс жағдайына сәйкес нақты әкімшілік құқық бұзушылықтар тағылды.

— Біз Мемлекет Басшысы айқындаған “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында әрекет етеміз. Бұл – әрбір құқық бұзушылықтың, әсіресе қауіп төндіретін әрекеттердің, жазасыз қалмауын білдіреді. Біздің әрекеттеріміздің басты мақсаты – ескерту. Алайда ескерту шаралары нәтиже бермеген жағдайда, жауапқа тартылады, ешқандай ақтау жоқ. Алматы көшелерінде көрсетілім үшін жарыс ұйымдастыруды жөн көретіндер өз әрекеттерінің жазасыз қалмайтынын және бәрі жазылып жатқанын түсінуі керек, – деді, Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Алматы полициясы барлық жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелері – жай формалдылық емес, әр адамның өмірі мен денсаулығын қорғауға арналғанын еске салады. Заңға құрмет күнделікті әрекеттен, әсіресе рульде отырған сәттен басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру