Алматыда Жол қозғалысы қауіпсіздігі күні өтті
Алматыда Жол қозғалысы қауіпсіздігі күні өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясының 33 жылдығына арналған республикалық имидждік және идеологиялық науқан аясында Алматыда жергілікті полиция қызметінің бастамасымен жұртшылықтың белсенді атсалысуымен Жол қозғалысы қауіпсіздігі күні деп жарияланды.
Іс-шараның мақсаты – жолдарда дұрыс мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігіне баса назар аудару.
Қалада профилактикалық іс-шаралар, жүргізушілермен тақырыптық кездесулер, сондай-ақ қала тұрғындары мен танымал блогерлердің қатысуымен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салған жарқын флешмоб өтті.
— Жол қауіпсіздігі - полицияның ғана жұмысы емес. Бұл әркімнің күнделікті таңдауы. Бүгінгі флешмоб алматылықтардың қауіпсіздік мәдениетінің бір бөлігі, қамқорлық пен саналы болуға дайын екенін көрсетті. Науқанды қолдағандардың барлығына алғыс айтамыз. Тек бірлесе отырып жолдарды қауіпсіз ете аламыз, — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды, жүргізушілерді, жаяу жүргіншілерді, велосипедшілерді, самокат пен мопедтерді қолданушыларды ережені қатаң сақтауға, бір-бірін құрметтеуге және әрбір құқық бұзушылық үшін біреудің өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін есте сақтауға шақырады.