Алматыда жол талғамайтын көлік жүргізушісі тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүр
Алматыда жол талғамайтын көлік жүргізушісі тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полицейлер «Mitsubishi» көлігін Абылай хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан анықтады.
Көлікке орнатылған түрлі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәртіп сақшыларының назарын аударды.
Оның иесі анықталды. Ер адам өзін қорғап алу мақсатында тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған нөмір орнатқанын айтты.
Бұл әрекеттер заңнамаға қайшы келеді және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Құқық бұзушыға айыппұл салынды. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.