Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “Жолда қабылдау” акциясы өткізілді

Алматыда әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен “Жолда қабылдау” науқаны өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Атакент” ғимаратының алдында ашық қабылдау ұйымдастырылды, онда кез келген адам жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік құралдарын тіркеу, лицензиялау-рұқсат беру жүйесі аясындағы қызметке қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер мен білікті кеңестер ала алды.

Күні бойы полиция қызметкерлеріне, айыппұлдар, жүргізушілердің құқықтары мен міндеттері, рұқсат алу, көлік құралдарын тіркеу және тіркеуден шығару тәртібі туралы сұрақтармен ондаған азамат жүгінді.

Мұндай науқандардың мақсаты — адамдарға жақын болу, ашық және сенімді диалог құру. Біз сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, заңнамалық жаңалықтарды түсіндіріп, әрбір адамға құқықтық салада өзін сенімдірек сезінуге көмектесеміз. Осы профилактика болып саналады – оның қоғам үшін ең тікелей және пайдалы түрі, — деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Серікұлы.

Алматы полициясы жылжымалы қабылдаулар өткізу тәжірибесін жалғастырып, ҚР ІІМ жариялаған профилактика жылы аясында құқық қорғау жұмыстарының ауқымын кеңейтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру