Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “Жолда қабылдау” науқаны жалғасуда

Алматы қаласында полиция қызметкерлерімен “Жолда қабылдау”  науқаны аясында азаматтарды қабылдау жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жолда қабылдау” алдын алу іс-шарасы көптеген қалалықтарға таныс. Бұл өте өзекті, өйткені азаматтарға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында оларға ыңғайлы уақытта және жерде кеңестік және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді.

Халықпен қарым-қатынас, жол қауіпсіздігі бойынша, Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу бөлігінде азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді талқылау түрінде жүргізіледі. Полиция қызметкерлері Алматының ірі мегаполисінің жол қауіпсіздігі мәселелерінің өзектілігін нақты түсінеді.
Естеріңізге сала кетейік, 26 және 27 тамызында Алматы қаласында тағы да науқан өткізіледі.

Полицияда атап өткендей, осы минуттарда жедел желі телефоны жұмыс істейді, науқан барысында азаматтар қоңырау шалып, өздерін қызықтыратын кез-келген сұрақтарды қоя алады немесе полиция қызметіне қатысты 8-747-080-01-56 және 298-50-71 телефондары арқылы “WhatsApp-хабар” жібере алады.

Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы Науқанды өткізу орындары:

–  №1 Мамандандырылған ХҚКО аумағы (Алматы қаласы, Саялы ықш., Ақ-қайнар к-сі 1 үй, Алатау ауданы). ПД басшылығынан жауапты – Алматы қ. ПД ӘПБ бастығының орынбасары Н.Аманбек.

– № 2 Мамандандырылған ХҚКО аумағы (Алматы қ., Түрксіб ауданы, Майлин к-сі, 85 ). ПД басшылығынан жауапты – Алматы қ. ПД КҚКБ бастығы А.Бутунчинов.

– № 6 Мамандандырылған ХҚКО аумағы (Алматы қ., Жетісу ауданы, Кемел ықш. ауд., Ақсуат к-сі, 118 ). ПД басшылығынан жауапты – Алматы қ. ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары С.Байхожаев.

Жұмыс уақыты 09.00-ден 19.00-ге дейін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру