Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ЖҚАЖ қызметкері тұрғындар арасындағы жанжалды дер кезінде тоқтатты

Алматыда полицияның жылдам қимылдайтын арнайы жасағы бірнеше жанжалдың өршуіне жол бермей, тұрғындардың қауіпсіздігін қаматамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдымен полиция пультіне түнгі клубтардың бірінің жанында бетперде киген екі ер адамның үлкен пышақпен жанжал шешуге келгені туралы хабарлама түсті. ЖҚАЖ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қауіпті жағдай дер кезінде тоқтатылды. Тексеру барысында жанжал клубтың күзетшілері мен келушілер арасында туғаны белгілі болды.

Осы оқиғадан көп ұзамай жақын маңда ер адам мен әйел арасындағы жанжал туралы тағы бір шақырту келіп түсті. Полиция оқиға орнына шұғыл жетті. Әйел ер адамның бетіне бөтелкемен соққы берген. Жасақ полицейлері зардап шеккен ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тараптарды әрі қарайғы тексеру үшін полиция бөлімшесіне жеткізді.

- Біздің басты міндетіміз – қауіп-қатерге жедел және қауіпсіз түрде әрекет ету, жанжалдардың күшеюіне жол бермеу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Команданың үйлесімді жұмысы кез келген жағдайда құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтарды қорғауға мүмкіндік береді, – деді Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ командирі Азамат Исергужин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру