Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ЖҚАЖ қызметкерлері электровелосипедтен шыққан өртті сөндірді

Алматыда ЖҚАЖ қызметкерлері электровелосипедтен шыққан өртті сөндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан полицияның жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері электровелосипедтен шыққан өртті сөндірді.

Полицейлер жедел түрде отты оқшаулап, оның таралуына жол бермеді. Бөлімшенің бірнеше жауынгері оқиға орнына жақын маңда жүрген азаматтарды қауіпсіз жерге шығарып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

– Қызметкерлеріміз жағдайға сәйкес әрекет етті — ең бастысы, өрттің таралуына жол бермеу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Жедел әрі үйлесімді жұмыстың арқасында жағдай толықтай бақылауға алынды, — деді Алматы қаласы полиция департаментінің ЖҚАЖ командирі Азамат Исергужин.

Өрт толық сөндірілді, зардап шеккен азаматтар жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру