Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан
Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, жетінші баласын күтіп жүрген әйел күйеуіне мылтық, тапанша, патрондар және басқа да оқ-дәрілерді ұрлауға көмектескен.
– Үйдің ішін тінту кезінде тәркіленгендердің арасында тоғыз сайга стволы, екі мылтық, винтовка, тапанша, патрондар, резеңке дубинка, ағаш биталар, сапер күрегі мен радиостанциялар болды. 25 жастағы Т.есімді жігіт ұрланған қару-жарақ салынған бумаларды жеке үйінің алдындағы аумаққа көмген. Сондай-ақ, күдіктінің мінген көлігі де анықталды. Бұл кезде оның қасында әйелі болған, ол күйеуінің ойланбай жасаған әрекетін, қылмыс жасауын тоқтатудың орнына ұрланған заттар салынған жәшіктерді көлікке тиеуге белсене көмектескен, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Заттай айғақтар тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу) квалификацияланған. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі