Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жуынды-шайынды суды қалалық кәріз жүйесіне төккен ассенизатор жүргізушісі анықталды

Алматыда жуынды-шайынды суды қалалық кәріз жүйесіне төккен ассенизатор жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл құқық бұзушылық туралы сигнал қаланың Алатау ауданының тұрғынынан «Алматы» телеарнасындағы «Акимат Live» бағдарламасының студиясына келіп түсті.

– Арызданушының мәліметінше, «Ақбұлақ» ықшамауданында ассенизаторлық көліктің жүргізушілері жуынды-шайынды суды кәріз жүйесіне төккен. Біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полиция бөлімінің инспекторларымен қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы (Қаланы абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша 33 жастағы И.есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, 20 АЕК айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, ассенизаторлық көліктер жуынды-шайынды суды арнайы рұқсат етілген ағын пункттеріне жіберуі керек, онда желілер шайылып, көлік дезинфекцияланады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, қалалық кәріз жүйесі мен су айдындарына жуынды-шайынды суды немқұрайлы құйып жатқан азаматтар бар. Мұндай заң бұзушылықтар әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, – деп түйіндеді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру