Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жыл басынан бері 9 мыңға жуық граффити жойылды

Алматыда жыл басынан бері 9 мыңға жуық граффити жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы полициясы жалпы жедел-іздестіру іс-шараларымен қатар нашақорлықтың алдын алу және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

– Бұл індеттің барлық жерге таралғаны жасырын емес. Оларды интернет арқылы сатудың байланыссыз жолдары, электронды әмияндар, бетбелгілер және қалаларымыздың көшелері мен үйлеріндегі граффити жарнамалары жұртшылықты толғандырады. Жыл басынан бері есірткіні насихаттайтын 9 мыңға жуық граффити-сурет анықталды және өшірілді. Мұндай жазуларды анықтау және жою бойынша әкімдіктермен, қоғамдық ұйымдармен және еріктілермен бірлескен жұмыс ұйымдастырдық. Есірткі граффитиін салып жатқандар да ұсталды. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ, ол қала әкімдігі мен еріктілер осы мәселеге бей-жай қарамайтын сарапшылар, кәсіпкерлер мен мемлекеттік сектор өкілдерінің басын қосып, балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселесін жүйелі деңгейде шешетін «Narkostop» жобасын қолға алғанын жеткізді.

– Олардың қатысуымен есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын граффити жазуларын анықтау және жою бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілді. «Есірткіге бірге қарсымыз!!!» және «Назар аударыңыз! Бей-жай қарамаңыз» атты кітапшалар таратылды, онда Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасыныңның WhatsApp жедел желі телефонының нөмірі 8-705-549-70-25 көрсетілген. Сонымен қатар атқарушы билік органдарымен, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, қаланың білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шаралар: науқандар, семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер өткізілуде, – деді Е.Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру