Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық әшкереленді

Алматыда жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

– Ол Интернетте, атап айтқанда танымал хабарландырулар ресурсында жұмыс істеді. Онда бойжеткен Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінен пәтерді өте тиімді шарттармен жалға беру туралы хабарландыру жариялады. Үйге көшкісі келетіндер көп болды. Кем дегенде бес адам үй иесінің шарттарын бірден орындап, оған ай сайынғы пәтер ақысын толық аударып жіберген. Оның үстіне, алданғандардың ешқайсысы пәтерді өз көзімен көрмеген, “пәтер иесінің” сөзіне сеніп қалған. Бұл азаматтардың ең үлкен қателігі. Өзіңіз көз жеткізбеген нәрсеге ешқашан ақша төлемеу керек, - деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Спикердің айтуынша, күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру