Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы аудандардың бірінде 28 ұсақ бұзақылық тіркелді

Алматы қаласындағы аудандардың бірінде “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жергілікті іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның мақсаты – тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және жолын кесу. Жергілікті іс-шара қаланың Алатау ауданында да жүргізілді. Оған 100-ден астам криминалдық және ювеналдық полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, ЖҚАЖ және патрульдік полиция қызметкері қатысты.

– Сонымен қатар аудандағы қылмыстық ахуалды ескере отырып, 20 жаяу жасақтың бағыты әзірленді. Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың екі күнінің ішінде 184 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 28 ұсақ бұзақылық, 18 темекі шегуге тыйым салу, 5 алкогольдік өнімдерді сату, үй жануарларын серуендету ережесін бұзуға қатысты 19 дерек анықталды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне қатысты 27 дерек белгілі болды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Тәжірибе бойынша жасалған қылмыстың жартысынан көбі заңсыз жүрген шетелдіктер тарапынан жасалады. Осыған байланысты іс-шара күндерінде полицейлер Алматы қаласына көршілес мемлекеттерден және республиканың басқа өңірлерінен келетін адамдарға бақылауды күшейтті.

Сонымен қатар көші-қон полициясының қызметкерлері қалада заңсыз тұрып жатқан шетел азаматтарының шоғырлану орындарын, атап айтқанда, қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, оқу орындары мен кәсіпорындардың жатақханаларын, құрылыс нысандарын тексерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру