Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы балалар колониясында әдеби кеш өтті

Алматы қаласындағы балалар колониясында Абайдың 180 жылдық мерекесіне орай "Абай дана, Абай дара қазақта!" атты әдеби-сазды кеш өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеш барысында сотталған жасөспірімдер ұлы ақынның өлеңдерін жатқа айтып, поэмаларынан үзінділер оқыды. Балалар қазақтың бас ақыны Абайдың "Айтым сәлем Қаламқас", "Желсіз түнде жарық ай", "Көзімнің қарасы" атты әндерін орындап, Абай Құнанбайұлы туралы кітап көрмесін тамашалады.
Әдеби-сазды кеште Алматы қаласы Әділет депаратаментінің бас маманы Санат Нарымбаев сөз сөйлеп, сотталған балалардың   поэзияға деген сүйіспеншіліктеріне ризашылығын білдірді. Тағылымы мол кешке белсенді қатысқан жасөспірімдер мекеме басшылығы тарапынан мақтау қағаздарымен мараппаталды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру