Алматыдағы балалар колониясының мамандары студенттерге заң тақырыбында дәріс өткізді
Алматыдағы балалар колониясының мамандары студенттерге заң тақырыбында дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінде жастарға құқықтық тәрбие берудің олардың болашақта құқық бұзушылықтар мен қылмысқа ұрынбай, өмірден өз орындарын табуларына ықпал ететіні сөзсіз. Осыған орай Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №11 мекемесінің мамандары Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері арасында "Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі" атты тақырыпта дәріс өткізді.
Сабақтың мақсаты – жеткіншектердің құқықтық сауатын арттыру, Мемлекет басшысының елімізде "Заң және тәртіп" қағидатын біржола орнықтыру туралы тапсырмасын орындауға үн қосу. Сабақ кезінде колледж студанттері алдында Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі директорының орынбасары Күнімай Омарова, №11 мекеменің режим және күзет бөлімінің бастығы Азамат Канафин, мекеме бастығының кезекші көмекшісі Анар Мустафаев және режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Азамат Молдабек сөз сөйлеп, балаларға құқықтық жауапкершіліктің маңызы туралы әңгімеледі.
Сөз сөйлегендер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында да заң мен тәртіпті сақтаудың еліміздің экономикасын арттыруға тигізетін оң ықпалы жайлы айтқандарын балаларға жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар олар студенттердің сұрақтарға жауап берді