Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы колонияда шахматтан турнир өткізілді

Алматыдағы колонияда сотталғандар арасында шахматтан турнир өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде жуырда кәмелетке толмаған балалар арасында Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен шахмат турнирі өткізілді. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген шахмат жарысында бірінші орынды жазасын өтеуші жасөспірім А.Овсяников иеленсе, екінші орынды Б.Шілдебай, үшінші орынды Д.Мубараков жеңіп алды. Шахмат жарысының жеңімпаздары арнайы мақтау қағаздарымен марапатталып, оларға қосымша спорттық киімдер мен үстел теннисінің ракеткалары табысталды.

Жазалы балалар арасында турнир ұйымдастыруға Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры басшысының орынбасары Нұрсұлтан Тастанбек және жаттықтырушылар Арсен Лес, Азамат Алишев, Дәулет Иманберлинов белсене ат салысты. Олар турнир барысында сотталған балаларға шахмат ойынының шығуы туралы, шахматқа қатысты қызықты деректер мен бұл ойынның адамның ойлау жүйесін жетілдіруге тигізетін пайдасы жайлы баяндап берді. Қор өкілдерінің әңгімесі жазалы балалардың шахмат ойнауға деген ынтасын арттыра түскені анық.

Қызықты ойын соңында сотталғандар арасындағы тәрбие бөлімінің бастығы А.Бәзілбаева  келген қонақтарға мекеме бастығы атынан ризашылық білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру