Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы ҚАЖД мекемесінде тренинг өткізілді

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №11 мекемесінде "Кәмелетке толмаған сотталғандар не білуі керек?» атты тақырыпта тренинг өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Азаматтардың құқықтарын қорғау және қазіргі қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін арттырудың әлеуметтік тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі басты рөлі” жобасының аясында өткізілген тренингке ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Айман Умарова, "Human Rights Lawyers" қоғамдық қорының президенті Ләззат Ракышева, осы қордың психологы Жеңісгүл Хабаева, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Ғалымжан Жолдасбаев пен Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Қалдыхан Ақылбеков қатысып, жазалы жасөпірімдерге тегін кеңес берді. “Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңның талаптарын түсіндірді.

Сонымен қатар мамандар балалардың сұрақтарына жауап беріп, бостандыққа шыққаннан кейін заңсыз істермен айналыспауға, телеграм каналдары арқылы ұсынылатын заңсыз жұмыстардан аулақ болуға кеңестер берді.

Тренингтің мақсаты — жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, өмірге деген оң көзқарастарын қалыптастыру арқылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру