Алматыдағы тергеу изоляторына телефон өткізбек болған азамат ұсталды
Алматыдағы тергеу изоляторына телефон өткізбек болған азамат ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласындағы тергеу изоляторының қызметкерлері өзіндік қауіпсіздік тобымен бірлесе отырып, тыйым салынған затты анықтады.
Тұтқындарға әкелетін азық-түлікті қабылдау кезінде олар азаматтың тергеу тұтқынындағы бауырына әкелген тамағының ішінен Vivo телефонын тапты. Ол телефонды тамақ салынған контейнердің түбіне жасырған.
Аталған факт бойынша Алматы қаласы ауданаралық әкімшілік сотына жіберу үшін материал жинақталды.