Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы тергеу изоляторында медициналық көмек көрсету бойынша тренинг өткізілді

Алматыда тергеу изоляторының мамандарына медициналық көмек көрсету бойынша тренинг өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару саласының мамандары қандай да бір оқыс жағдайларға тап болған кезде жылдам шешім қабылдап, көмек көрсетуге дайын болуы тиіс. Бұл орайда бас бостандығынан айыру орындарында ұсталушылардың өмірін сақтап қалу басты назарда ұсталады. Ал қандай да бір оқиға кезінде міндетті түрде шұғыл мекеме дәрігерлері және жедел жәрдем мамандары шақырылады, бірақ сол сәттегі ҚАЖ қызметкерлерінің алғашқы медициналық жәрдем көрсете алуы науқастарды өлімнен арашалап қалатыны сөзсіз.

Осы мақсатта Алматы қаласы жедел жәрдем станциясының сараптама маманы Мерей Аққұлақ Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №72 мекемесінің қызметкерлеріне жүрек соғысы нашарлаған жағдайда дефибриллятор құралын қалай қолдануды, арнайы айтылған құралсыз жүрек қағысын қалпына келтіруді үйретіп, эпилепсия ұстамасы кезіндегі іс-әрекеттерді көрсетті.

Жедел жәрдем станциясының сараптама маманы мекеме қызметкерлеріне басқа да маңызды қажетті ақпараттар беріп, осындай жағдай орын алған кезде дереу әрекет етудің жолдарын түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру