Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы тергеу изоляторында сотталғандар Алғыс айту күнін атап өтті

Алматыдағы тергеу изоляторында сотталғандар Алғыс айту күнін атап өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті № 72 мекемесінің (Тергеу изоляторы) шаруашылық қызметіндегі жасақ сотталғандары шуақты көктеммен бірге келетін Алғыс айту күнін салтанатты түрде атап өтті.

Елімізде 2016 жылдан бері аталып келе жатқан Алғыс айту күнінде сотталғандар өздерінің түзелу жолына түсулеріне ықпал етіп жүрген жандардың барлығына және сотталғандардың денсаулықтары үшін еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне жүрек жарды алғыстарын өз өнерлерімен білдірді. Олар салтанатты жиында өздері шығарған өлеңдерін оқып, күмбірлете күй тартты. Сондай-ақ сотталғандар орындаған «Рақмет саған, туған ел» әні шырқалғанда көрермендер орындарынан тік тұрып, қошемет көрсетті.

Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиында жасақ бастығы Мақсат Ибраимолдаев та сөз сөйлеп, шаруашылық жұмысында жүрген сотталғандардың тезірек бостандыққа шығып, елге қызмет етулеріне сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру