Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы тергеу изоляторында тінту жүргізілді

Алматыдағы тергеу изоляторында тінту жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты тергеу изоляторында “Допинг” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жоспардан тыс тінту жүргізілді.

Мекемеде тыйым салынған заттарды анықтау және алдын алу мақсатында сотталғандар мен тергеу тұтқынындағылардың азық-түліктері мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын тінту жұмыстары ҚР ІІМ кинология орталығымен және Алматы қаласы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасымен бірге атқарылып, тінтуге арнайы дайындалған қызметтік иттер тартылды.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінен жыл басынан бері 117,65 грамм есірткі тәркіленген болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру