Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы тергеу изоляторында жемқорлыққа қарсы күрес бағытында кездесу өткізілді

Алматы қаласындағы тергеу изоляторының жеке құрамы жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов шақырылып, ол қызметкерлерді еліміздің жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл саясатымен таныстырды.

Жеке құрамды жемқорлық үшін жаза тағайындалған мемлекеттік қызметкерлердің әрекетімен де таныстырған Ж.Ғалымов жемқорлыққа қарсы жүйенің даму барысы жайлы да кеңінен әңгімеледі.

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамалары мен Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы қажеттігін басты назарға алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру