Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы тергеу изоляторының ұжымы әріптестерін құрметті демалысқа шығарып салды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №72 мекемесінің жеке құрамы өз әріптестерін салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару саласында абыройлы қызмет өткерген мамандарға тергеу изоляторының ұжымы сый-сияпат жасап, ұзақ жылғы жемісті еңбектеріне алғыс білдірді.

Салтанатты шарада №72 мекеме бастығы А.Қапышев зейнеткерлік жасқа жеткен әріптестеріне арнап құттықтау сөз сөйледі.

– Адам үшін өзінің көп жылғы тынымсыз еңбегінің қызығын көруден асқан бақыт жоқ десек, сіздер бүгін сондай бақытты шаққа жетттіңіздер. Сіздердің өнегелі еңбек жолдарыңыз жас қызметкерлер үшін үлкен өнеге. Құрметті демалыстарыңыз құтты болсын, – деді мекеме басшысы.

Өмірдің айтулы белесі – зейнет демалысына абыроймен жеткен мекеме басшысының режим жөніндегі орынбасары Бауыржан Каласов режим және күзет бөлімінің бақылаушылары Әсел Әділбекова мен Рано Кодировалар да өздеріне көрсетілген құрмет үшін мекеме ұжымына ризашылығын жеткізді.

Мекеме ұжымы құрметті демалысқа шыққан әріптестеріне өз өнерлерін көрсетіп, өз күштерімен концерт ұйымдастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру