Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық азаматтың көлігінен құрылыс заттары ұрланды

Алматылық азаматтың көлігінен құрылыс заттары ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша 41 жастағы азамат құны 1 млн теңге тұратын құрылыс құралдарын ұрлаған. Олар көлікте ішінде болған.

– Шағын ауданның жергілікті тұрғыны ұрлық дерегі бойынша полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу Toyota Gracia көлігінен құрылыс құралдарын ұрлап кеткен. Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскөйдің ізіне түсіп, оны ұстауға мүмкіндік туды. Ол 41 жастағы Л.есімді азамат болып шықты. Бұрындары сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ұсталған азамат ұрлық жасағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру