Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық кәсіпкер полицейлерге кәсібилігі үшін алғыс айтты

Алматылық кәсіпкер полицейлерге кәсібилігі үшін алғыс айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің атына ЖШС-нің бірінің өкілінен алғыс хат келіп түсті.

Хат авторы тергеу басқармасының қызметкерлері Азиз Ходжаев пен Қайрат Рахимбаевқа кәсібилігі, қылмыстық істі тергеудегі мұқияттылығы мен адалдығы үшін ризашылығын білдірді.

Аталған іс ұрлық дерегі бойынша қозғалған. Тергеу барысында полицейлер компания қаражатының 6,5 миллион теңге көлемінде заңсыз иемдену жағдайларын анықтаған. Күдіктілер ұсталып, жауапкершілікке тартылды, келтірілген залал толығымен өтелді.

Хатта тергеу бөлімшесінің азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді абыроймен атқарып келе жатқаны атап өтілген.

Өз кезегінде, Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері азаматтар мен ұйымдар өкілдерінің мұндай алғыс хаттарын полиция қызметкерлерінің күнделікті еңбегіне берілген маңызды баға және қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімінің көрінісі деп атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру